F8EFBEE9 CB49 478F 87B3 EB55DAE1AC38
- ЖАҢАЛЫҚТАР519 просмотров

Жылой ауданында карантиндік шектеулер жеңілдетіле бастады

Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды толығымен тұрақтандыру мақсатында бүгінде  карантиндік және шектеу шаралары сақталды. 

Сонымен қатар, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллин карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулы қабылдады. Халық пен бизнес өкілдері үшін маңызды нысандардың жұмыс істеуі қажет.  

Атап айтқанда, 2020 жылғы 10 маусымда сағат 07.00-ден бастап өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ірі құрылыс дүкендерінің, көлік, қойма, ауылшаруашылық сервистік компаниялардың қызметін жандандыру жоспарлануда. 

Азық-түлік базарларының, гипер-супермаркеттердің, ірі азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмысына рұқсат етіледі. Жұмыс уақыты 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Көп пәтерлі үйлерде және тұрғындар көп шоғырланған аудандарда орналасқан дүкендер сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Осы ретте бас санитарлық дәрігер бұл нысандарды ашуға тек күшейтілген  санитарлық  жағдайда ғана рұқсат етілетіндігін атап өтті. 

 Қоғамдық  тамақтану нысандарының да жеткізу қызметі сағат 22:00-ге дейін ұзартылды.

 ХҚКО бөлімшелері  тек заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, Жылой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабиуллин, жоғарыда аталған рұқсат берілген ұйымдарды  қоспағанда, қалған кәсіпорындар шектеу шаралары кезінде өз жұмыстарын тоқтату қажеттігін жеткізді. 

– Егер эпидемиологиялық  жағдай нашарласа   мен тиісті шараларды қабылдайтын боламын, – деді Талғат Хабибуллин. 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының алдын-алу мақсатында Жылыой ауданында карантиндік шараларды  жеңілдету кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.