85 просмотров
190825152024244a3559505i
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Желтоқсан-қаңтарда қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе – министр Цойдың жауабы

45 / 100

Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз.
Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады.
Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз.

Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз.

Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда.

95 Просмотры