virusy3
- ЖАҢАЛЫҚТАР38 просмотров

Ыстық ауа райы COVID-19 әсерін күшейтеді

Ыстық ауа райы COVID-19-дың әсерін күшейтеді және 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар науқастарға ауыр әсер етеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

Белгілі ресейлік дәрігер Денис Проценко жоғары атмосфералық температурамен байланысты асқынулар коронавирус жұқтырған науқастар үшін, әсіресе егде жастағы адамдар үшін айтулы зардаптарға әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Ыстық ауа райы мен коронаврус жұқтыру қатар келгені қауіпті. Ыстықтың салдарынан болған асқынулар ауыр жағдайларға және егде жастағы науқастардың қаза болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіп факторларын азайту үшін міндетті түрде вакцина алу керек», – деді Проценко.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі кезде адамдар аурудың орташа ауыртпалығымен түсуде, алайда ыстық ауа райы ағзаның құрғауы және тромбоз қаупін төндіріп, науқастардың жағдайы күрт нашарлауы мүмкін.