2021 02 02 photo 350559
- ЖАҢАЛЫҚТАР442 просмотров

ВАКЦИНАЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ QR-КОДЫ БОЛАДЫ

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz.

– Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ашық» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады, – деді Алексей Цой.