Коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салғызатын адамнан міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі, деп хабарлайды ATPress.kz
– КВИ екпесін тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Бұл ретте қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға учаскелік дәрігерлер шақырады немесе жұмыс орыны мен оқу орынына байланысты екпе салу ұйымдастырылуы мүмкін, – дейді Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша вакцина алу үшін азаматтар жазбаша келісім беруі керек. Вакцинация 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі.