38 просмотров
B7B9D6A7 8132 4DAE 9FE7 FE167CA46FD1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Үкімет делегациясы Атырауда болды

7 / 100

Атырау облысына Үкімет делегациясын бастаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен  Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты  жиын өткізді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде   коронавирустық ахуалдың қазіргі деңгейі 2-3 пайыз екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардың нәтижесі.  

A38BE124 C319 4866 82A1 0B19C7EBE822

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес. Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 жағдай тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шықты. Ал «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталған. Бұл азаматтар 20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері. 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Теңіз кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр. Сондықтан ол «Теңізшевройл» компаниясының мердігер және суб мердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды. 

Қазіргі кезде «Теңіз» кенішінен 17 мың адам өздерінің тұрғылықты мекенжайларына жеткізілген.  

04181FC8 1866 44B7 B3CF 05915ADDDBB4

Жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру барысы да қаралды. Үкімет биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып 7 мың жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 млрд. 308 млн. теңге бөлініп отыр.  

Жиынды қорытындылаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мен жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

38 Просмотры