thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР377 просмотров

ҮЙСІЗ АДАМДАРҒА ПТР ТЕСТІН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Пандемияға байланысты, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар әлеуметтік бейімдеу орталығына жаңадан келгенде коронавирустық инфекцияға арналған ПТР-тестілеуден өтуі керек.

Өздеріңіз білетіндей, бұл мекеме тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды қабылдаумен, оларға жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындаумен, уақытша тұру мен тамақтануды ұйымдастырумен айналысады.

– Орталықта 10 қонақ бөлмесі және бір оқшаулау бөлмесі бар, кереуеттер саны 50 адамға есептелген. Орталықта тұрмас бұрын барлық келушілер медициналық тексеруден өтуі керек. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты олар қазір ПТР-сынақтан өтеді. Құжаттары бар келушілер қалалық емханада тестіден тегін өтеді. Қызмет алушылардың денсаулығына қатысты шағымдар жоқ. Орталықтағы барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталуда, – деді, тұрақты тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Мереке Дүйсенбайұлы.

Директордың айтуынша, осы жылдың маусым айында 6 панасыз адамға COVID-19 симптомсыз формасы диагнозы қойылған. Олардың барлығы «Береке» шағынауданындағы ауруханада емделді. Қазіргі уақытта олардың 4-уі орталықта тұрады, екеуі өз қалауымен орталықтан шыққан.