jjehyr9s
- ЖАҢАЛЫҚТАР73 просмотров

Туризм саласы коронавирусқа қарсы

Түркияда он қонақүйдің тоғызында жұмыс жасайтын қызметкерлер COVID-19 иммунизациясынан өтті, – деп мәлімдеді Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой.

«Жастар, әдетте екпе салдырмайды деген кең таралған пікір бар. Алайда бұл қонақ үй қызметкерлеріне қатысты емес. Керісінше олар коронавирусқа қарсы вакциналану туралы үндеулерге жауапкершілікпен қарайды», – деді шенеунік.

Сонымен қатар елде аурудың рекордтық өсуі байқалады-күніне 7 мыңнан астам дерек тіркеледі. Сәуір айының соңында Түркия «Спутник V» препаратын шұғыл жағдайларда қолдануға рұқсат берді. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакциналардың бірінші дозасын 39 миллионнан астам азамат, екі дозасын 21 миллионнан астам адам алды.