Теңізде карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«1 желтоқсаннан бүгінге дейін 600-ден астам жағдай (тіркелген)», – деді Есмағамбетова.
Ол Атырау облысының коронавирустың таралуы жағынан «қызыл» аймақта екенін еске салды. Сонымен қатар, жағдайлардың 60% -ы Теңіз кен орнында анықталған.
«Бұл Теңізде кіріп-шыққандарды ПТР тестілеуден өткізуге байланысты, науқастар саны артып жатыр. Қараша және желтоқсан айларында аурушаңдықтың жоғарылауы байқалады. Сондықтан Теңіз кен орнында шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Қосымша карантин, қосымша сынақтар, кіруге және шығуға қосымша шектеулер, вахталық қалашық ішінде жұмысшылардың қозғалуына байланысты қосымша шектеулер енгізілді», – деді Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағамбетова кен орнының жұмысын тоқтату жоспарда жоқ деп сендірді. 25 желтоқсанда жағдайды тұрақтандыру үшін ТШО басшылығымен іс-шаралар кешені әзірленіп, талқыланды.
«Теңіздің жұмысын тоқтату жоспарда жоқ. Біз кен орын басшылығымен жұмада талқыланған шаралар пакетін әзірледік. Әзірге шектеу шараларын күшейтетін боламыз», – деп қосты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.