Атырау облысында Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 126 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Штаб мәліметіне сәйкес, инфекциялық стационардан емделіп шыққандар – 54, 27, 28, 30 және 30 жастағы бес ер адам.
Оларға коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 126 адамға жетті. Ал, қауіпті дертке шалдыққандар саны – 340.