39 просмотров
DBEF51A3 933A 4A8B B910 E70C9CB7D810
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Теңіз кенішінің 16 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

5 / 100

Атырау облысында Covid-19 індетінен айығып шыққандар саны 224 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы. 

Жедел штабтың мәліметінше, бүгін, 23 мамыр күні инфекциялық стационардан 17 адам шығарылған. 

Олардың он алтысы –  Теңіз кенішнің қызметкерлері.  Атап айтқанда, 14 ер адам мен екі әйел. 

– Ал, коронавирустан сауығып шыққан он жетінші адам – облыстық перинаталдық орталықтың 29 жастағы пациенті, – дейді Жедел штаб. 

Олардың барлығында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі  теріс көрсеткіш көрсеткен. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 224 адамға жетті.

39 Просмотры