tcho 0812 02 scaled
- ЖАҢАЛЫҚТАР1  296 просмотров

ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ АХУАЛҒА ҚАТЫСТЫ, 2020 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ

Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау ТШО-ның бірінші кезектегі міндеті болып табылады және компания өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауға бағытталған санитарлық нормаларға сәйкес жүргізеді. Қазіргі уақытта ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтаусыз жалғасуда, ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыруға  байланысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша қажетті шаралар қабылдануда.2020 жылғы 7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Теңіз кенішіндегі қызметкерлер арасындағы COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны- 4532, оның 95% толықтай емделіп шықты. ТШО-ның өз қызметкерлері ішінде аурудың 423 жағдайы анықталса, қалғаны мердігер  ұйымдар еншісінде.

Күні бүгінге дейін 167 000-нан астам ПТР сынақтарын өткізген ТШО пандемия кезіндегі жұмысты   түрлі бағытта жетілдірді: сынақты өткізуге байланысты, сондай-ақ инфекцияның таралуының алдын алуға қатысты шаралар жақсартылды.  Теңізде жүргізілген    ПТР сынақтар санының жан басына шаққанда,   Қазақстанның ірі қалаларындағы орташа деңгейден едәуір жоғары екенін атап өту маңызды.

ТШО COVID-19-ға қатысты  жағдайды ұдайы қадағалап отырады және әрі қарайғы шешімдер Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай негізінде қабылданады. ТШО қыс мезгілінде медициналық инфрақұрылымды, материалдарды және тестілеу мүмкіндіктерін жеткілікті деңгейде дайындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді және Теңіз кен орнына инфекция жұқтырудың жаңа жағдайын енгізуді болдырмауға бағытталған қауіпсіздік шараларына, оның ішінде оперативті қызметкерлерді тұрғын үйлерде, көліктерде және жұмыс орындарында топтарға бөлуге, сонымен қатар жаңа жағдайларды анықтау және тиісті адамдарды және олардың жақын немесе әлеуетті байланыста болғандарын оқшаулау үшін ПТР сынақтарын барынша көбірек өткізуге назар аударуын жалғастырады.

tcho 0812 01 1

ТШО мен бизнес серіктестер Теңізде 800 медициналық оқшаулау бөлмелерін және уақытша жұқпалы аурулар ауруханасында карантиндік 380 орын дайындады. Сонымен қатар, кәсіпорын Теңізде (тәулігіне 2000 сынақ) және Атырауда (тәулігіне 300 сынақ) ПТР сынақтарын өткізуге арналған қосымша зертханалар ашып, Атырау облысына сынақ өткізетін жабдықтарды сыйға тартты (тәулігіне 800 сынақ). Сондай-ақ,  серіктестерімен және мердігер ұйымдармен бірлесе отырып, қаражат жинауға және Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнына жақын орналасқан Құлсары қаласында 200 орындық көп бейінді медициналық кешен салу жұмыстарына   жетекшілік етуде.   

tcho 0812 02 1

Пандемия басталғалы   ТШО Атырау облысының әкімдігіне теңдессіз   қолдау көрсетіп келеді. Медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың қажеттіліктері үшін құны 3,3 млрд. теңгеден асатын қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, сыйға тартты.   648000-нан астам жеке қорғаныс құралдарын, 56 оттегі концентраторларын, 252 медициналық құрал-жабдық,20 желдеткіш, коронавирус  инфекциясын анықтауға  арналған 2 ПТР құралын, медициналық автокөлік, пирометрлер, тепловизорлар мен   дезинфекция құралдарын, реанимобильдер мен жедел жәрдем машиналарын сатып алды. Студенттерді және дәрі-дәрмектерді 
Атырау облысына жеткізу үшін арнайы ұшақтар ұйымдастырды. Біздің компанияның қаржылық қолдауымен Жылыой ауданында арнайы COVID такси қызметі де жұмыс істейді. ТШО тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғаламдық пандемияға қарсы тұруда халыққа қажетті қолдау көрсетуін одан әрі жалғастырады. Жылыой ауданы, әсіресе Құлсары қаласы ТШО үшін ерекше маңызға ие. Бұл тек біздің өндіріс орналасқан жер ғана емес, сонымен қатар көптеген қызметкерлеріміздің туып-өскен аймағы. ТШО өзі қызмет атқаратын қоғамдастыққа инвестиция құюға әрдайым дайын. Сондықтан, көптеген жылдар бойы ТШО әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жобаларына қолдау көрсетіп келеді.

tengizchevroil.com