4 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР396 просмотров

«Спутник V» вакцинасының бағасы қандай болады?

Қазақстанда өндірілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының құны Ресейге қарағанда жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Ресейде вакцинаның шекті құны 1942 рубль немесе шамамен 11 мың теңге болады.

«Қазір шамамен бағасы қандай болатыны есептеледі. Айта кету керек, бұл ресейліктердің жұмысы, бірақ мұнда біз сатып аламыз. Менің ойымша, бізде басқа баға болады. Логистиканы, тасымалдауды, технология трансферін ескере отырып, бұл біршама қымбат болады деп ойлаймын», – Нұрлыбек Асылбеков
Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешенінде болып, коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцина өндірісін іске қосқан еді.

Маминнің айтуынша, 2021 жылдың ақпанында елімізде «Спутник V» вакцинасы жаппай өндіріле бастайды.