Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 сәуір күні таңертең аймақта 646 адам COVID-19 және пневмониядан емделуде. Жүктеме 31,2% құрайды (2068 төсек-орынға).
Атап айтқанда:
- үй жағдайында 1169 адам ем алуда;
- модульдік ауруханада-188 ;
- екінші облыстық ауруханада – 101;
- аудандық инфекциялық стационарларда-153 ;
- Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-107.
Реанимацияда 34 пациент жатыр, олардың 7-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 41,9% (81 төсек-орынға) құрайды.