«Фтизиопульманологиялық орталықта коронавирустық инфекциямен жаңадан түскен науқастар үшін 75 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды», деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, таңертең коронавирус жұқтырған 584 науқас емделуде. Жүктеме 28,2% құрайды. (2068 төсекке):
- үй жағдайында 1068 адам ем алуда;
- модульдік ауруханада-181 науқас;
- облыстық аурухананың инфекциялық стационарында-101 ;
- фтизиопульмалогиялық орталықта-25 ;
- аудандық инфекциялық стационарларда – 130;
- Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-147 науқас ем алуда.
Жансақтау бөлімінде 27 науқас жатыр, олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Жүктеме 33,3% (81 төсекке) құрайды.