561E8AD5 16B6 4252 B4A8 3CAA269BB89C
- ЖАҢАЛЫҚТАР322 просмотров

«СOVID-19»: АТЫРАУДА ЕКПЕНІ САҚТАЙТЫН МҰЗДАТҚЫШТАР АЛЫНАДЫ

«Атырау облысында «Сovid-19» вирусты инфекциясына қарсы екпе салуға дайындық шаралары басталды», – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Келетін екпелерді қауіпсіз жерде сақтау үшін мұздатқыштардың маңызы зор.
Сол себепті, қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен облыстық медицина ұйымдарына негізгі екпені сақтауға арналған көлемі 700 литр болатын мұздатқыш келеді.
Әкелінген екпені аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік екі мұздатқыш және 15 мемлекеттік емханаға 110 литрлік 15 мұздатқыш алынбақ.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала жоспары бойынша, Атырау облысына қаңтар айының соңында 1000 доза «Спутник V» екпесі келеді деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінде облыста 2500 дозаны сақтауға арналған 180 литрлік мұздатқыш бар. Ал, жекеменшік медициналық мекемелер мұздатқыштарды өз қаражаты есебінен алатын болады. Вакцинаны сақтауға жауапкершілік жекеменшік медициналық мекемелердің өзіне жүктелген.