dobrovolnoe medicinskoe strahovanie
- ЖАҢАЛЫҚТАР33 просмотров

Соңғы тәулікте Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19 анықталған жоқ

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 92 адам емделді.

Қазіргі уақытта 417 адам үй жағдайында, 4 науқас – N2 облыстық ауруханада, 47 – науқас модульдік ауруханада ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда-15. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда коронавирустық инфекциясы бар пациенттер жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта орналасқан.