- ЖАҢАЛЫҚТАР162 просмотров

Соңғы тәулікте Атырау облысының 811 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

28 қыркүйек бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 811 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 28 қыркүйек аралығындағы кезеңде барлығы 224 485 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 184 036 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92