9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР151 просмотров

Соңғы тәулікте Атырау облысының 675 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

5 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 675 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 5 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 228 893 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 193 952 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92