Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
25 тамыз бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 544 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 11 дәрігер, 28 педагог, 36 студент, 5 жабық мекеме, 3 құқық қорғау орган қызметкерлері, 11 мемлекеттік қызметші, 18 созылмалы ауруы бар науқастар, 432 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 183 278 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 132 253 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92