210728012632716a3817094i
- ЖАҢАЛЫҚТАР196 просмотров

Соңғы тәулікте Атырау облысының 2 668 тұрғыны екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 тамыз бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 668 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 36 дәрігер, 150 педагог, 150 студент, 4 жабық мекеме, 4 құқық қорғау орган қызметкерлері, 49 мемлекеттік қызметші, 197 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 076 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 19 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 173 291 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 125 520 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92