- ЖАҢАЛЫҚТАР130 просмотров

Соңғы тәулікте 602 тұрғын Covid-19-ға қарсы вакцинамен егілді

Өңірде халықты Covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

12 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 602 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 12 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 232 704 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 201 400 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92