210728012632716a3817094i
- ЖАҢАЛЫҚТАР134 просмотров

Соңғы тәулікте 485 тұрғын COVID-19 -ға қарсы вакцинамен егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 485 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 14 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 233 772 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 203 501 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92