Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
25 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 485 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 25 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 238 201 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 211 897 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92