97 просмотров
samolet
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЕТЕЛДЕН АТЫРАУҒА ПТР АНЫҚТАМАСЫ ЖОҚ 37 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШЫП КЕЛДІ 

46 / 100

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 – 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді. Халықаралық әуе рейспен  барлығы 456 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

 Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында  шетелдіктер  жоқ, барлығы – қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған. 

Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.  

110 Просмотры