whatsapp image 2021 03 12 at 09.44.32
- ЖАҢАЛЫҚТАР177 просмотров

Сегізінші оттегі станциясы:

Атырау облысының тағы бір ауруханасында іске қосылды

“Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылды. Осылайша, облыстағы оттегі станциялар саны сегізге жетті”, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінде өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істейді: облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тағы бір медициналық ұйымда – Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.