ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулы бойынша:
❗️Үйде емделуіне немесе коронавирусқа қатысты карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға дауыс беру пәтерге кірмей ұйымдастырылуы тиіс.
Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізуге болады.
🔹Алайда дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен өңдеуі тиіс.
🔹Учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшіктің беттерін дезинфекциялауы керек.
🔹Жеке қорғаныш құралдарын қайта пайдалануға болмайды, көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.