9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР265 просмотров

«Қызыл» аймақтардың қысқаруына вакцина алғандар санының артуы оң әсер етуде – Асқар Мамин

 «Қызыл» аймақтардың қысқаруына вакцина алғандар санының артуы оң әсер етуде. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай мәлімдеді.

«Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі 20 пайызға дейін төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,86-ны құрады. Науқастардың ауруханалардан және жансақтау бөлімдерінен шығуы бойынша оң серпін байқалады», – деді Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр 3 өңір Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары «қызыл аймақта» тұрғанын айтты. «Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде «қызыл аймақты» қысқартуды болжап отырмыз. « Жасыл аймақтағы « өңірлер саны – 8 және «сары аймақтағы» өңірлер саны 6-ға жетті. Бұл көрсеткіштерге ең алдымен вакцина алғандар санының артуы оң әсер етуде», – деді Асқар Мамин.