7F380A75 FCE6 4684 A9BC 1D2A8CD0C13C
- ЖАҢАЛЫҚТАР197 просмотров

«Қызыл» аймақ: Атырау облысында тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер еңбек етуде

275 медицина қызметкері Covid-19 ауруының көбеюіне байланысты резервте тұр, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы ресми деректер бойынша Атырау облысында 6 575 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 1 479 – дәрігерлер, 5 096-орта және кіші буын медицина қызметкері.

  • Бүгінгі таңда «Қызыл» аймақтардағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер жұмыс істейді. Жоғары, орта және кіші буын тағы 275 қызметкер аурушаңдық өскен жағдайда резервте тұр,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциядан 186 адам емделді, 67 науқас ауыр халде жатыр, оның 11-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған.