Қытай елінде 3 пен 11 жас аралығындағы 84 млн-нан астам балаға коронавируске қарсы екпе салынды. Соның ішінде 49,5 млн-ға жуық балаға бустерлік вакцина егілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитет өкілі У Лянъю мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Эпидемияның алдын алу және қадағалау шараларына тиіс қысқы мерзімде тұрғындардың басты топтары мен балалар, жасөспірімдерді бустерлік вакциналауды жалғастыратын боламыз. Қазіргі кезде 3-11 жас аралығындағы 84 395 000 балаға екпе салынған, соның ішінде 49 440 000 балаға бустерлік вакцина егілген», – деп атап өтті У Лянъю.
ҚХР Білім министрлігінің өкілі Ван Дэнфэн 18 жастан асқан студенттердің 95 пайызынан көбі коронавируске қарсы вакцина алғанын қосып өтті.
ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссия мәліметінше, 13 қарашадағы жағдай бойынша 2020 жылдың желтоқсанында басталған тұрғындарды жаппай вакциналау науқанының барысында Қытай дәрігерлері қауіпті вирустан 2,38 млрд астам екпе салды. Бұл ретте 1,07 млрд адам вакциналаудың толық курсынан өтті. Құрлықтық Қытайда сондай-ақ тұрғындардың басты топтарын бустерлік вакциналау бағдарламасы белсенді іске асырылуда.