64 просмотров
20201112185606 78301
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

49 / 100

75 орындық жаңа типтегі медициналық мекемеде бес бөлім жұмыс істейді.

Перзентхана, хирургия, балалар бөлімшесі, инфекциялық және жалпы терапия бөлімдері салаға қажетті соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталуда.

Атап өтерлігі, жұқпалы аурулар бөлімшесі өз алдына жеке ғимаратта. Сонымен бірге, жедел жәрдем көліктері қойылатын жылы бокстар бар.  Ас дайындайтын орын, кір жуу және дезинфекциялау бөлімшелері бөлек тұрғызылған.

– Бұрын ескі ғимаратта реанимациялық көмекті қажет ететін науқастарды екінші қабатқа қол еңбегімен тасымалдайтын болсақ, қазір бұл жаңа ауруханада арнайы жүк лифті бар. Осының өзі медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Операциялық кабинет бұрын бір адамдық болса, жаңа ғимарат күрделі операцияларды екі науқасқа қатарынан жасауға мүмкіндік беріп отыр. Перзентхана бөлімшесінде қажет жағдайда анаға реанимациялық көмек көрсетуге, нәрестенің жүрек соғысын бақылауға, шала туған нәрестелерді бақылауға арналған кювездер бар, – дейді Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлсара Нұрмағанбетқызы.

Пандемияның «екінші толқынына» дайындық барысында, жаңа аурухананың хирургия бөлімі провизорлық стационар ретінде жасақталуда. Бөлімшелердің барлығында 63 оттегі нүктесі бар. Оттегін беру процесі енді бір орталықтан басқарылады. Бұрынғыдай ауыр балондар тасудың қажеттілігі жоқ.

Еске сала кетелік, Құрманғазы ауданында орталық аурухана, орталық емхана, 16 амбулатория, 2 селолық аурухана, 8 медициналық пункт бар. Аталған медициналық мекемелерде барлығы  63 дәрігер, 336 орта медициналық орта  буын қызметкері еңбек етуде. Оның ішінде, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында 13 жоғарғы буын, 49 ортаңғы, 36 кіші буын медициналық қызметкерлері бар.

63 Просмотры