ҚР-да 13 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-мен ауырған 164 477 науқас және КВИ теріс нәтижелі 46 499 науқас тіркелді. Науқастардың 87%-ы сауығып шықты. Оның ішінде 150 427 науқас – КВИ оң, 34 118 – КВИ теріс нәтижелі науқасты құрайды.
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша ауруханаларда – 5 732 науқас, ал реанимацияда 357 науқас жатыр.
Соңғы айда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отыр. ҚР «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты.
Соңғы айда сырқаттанған адамдардардың өсуі Атырау облысында (3,7 есеге) байқалады. Алматы облысында – 1,8 есе, Қарағанды және Алматы облыстарында 1,5 есеге өсті.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінгі күні халықтың жиналмауына, байланыстарын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылуда.