Qazvaс Қырғызстанда ресми түрде тіркелді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желінде жазды.
«Qazvaс Қырғызстанда ресми түрде тіркелді», – деп жазған министр вакцинаны тіркеу туралы құжаттың суретін жариялады.

Айта кетейік, Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталған еді. Таяуда EClinicalMedicine журналында қазақстандық QazVac вакцинасын зерттеудің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері жарияланды.
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 183 445 адам, 2-компонентін 4 819 587 адам салдырды.
tengrinews.kz