9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР336 просмотров

Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

ҚР-дағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі — республика «жоғары қауіптілік аймағына» кірді, 8 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Күн сайын 1,5 мыңға жуық жаңа сырқаттану жағдайы тіркеледі, репродуктивтік көрсеткіші – 1,14.

Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 31%, реанимациялық – 20%.

QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%).

«Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықты «Спутник V-мен» жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты базасында QazCovid-in вакцинасының тәжірибелік партиясын және «Антиген» ҒӨК» ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік-өнеркәсіптік партияны шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-Министр әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын биылғы 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше бақылау жасау қажеттігін атап өтті.

«Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакциналауды өткізу денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті», — деді А. Мамин.