80 просмотров
201014151000632a3706219i
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша мәлімет

45 / 100

27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы және Ақмола облысы.

Алматы қаласында да аурушаңдық өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта тұрақты, бірақ жұқпалы КВИ аурулары тіркелуде.

Республикада қазанмен салыстырғанда қараша айында КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен.

Елімізде барлық жағдайдың 70%-ы қызыл аймақта тұрған 5 өңірге тиесілі.

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінде аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет обьектілерінің жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық орындарға және көлік қозғалысын тоқтату сынды қатаң шаралар қабылдады.

90 Просмотры