113 просмотров
24 01 jpg 445x265 crop true q75
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕЙДІ

55 / 100

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қасым-Жомарт Тоқавтың тапсырмасы бойынша бағасы төмендейтін дәрі-дәрмектердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды ATPress.kz

– Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының COVID-19 емінде қолданылатын дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, өндірушілердің бағасынан, қауіпсіздік пен сапаны бағалау, маркетингтік, сондай-ақ өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік және кедендік шығындарды есептеп, бағаларды қалыптастыру бойынша құжаттамаларды зерделеуде, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі, tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

Төменде Қазақстанда COVID-19 емінде қолданылатын 58 дәрінің тізімі келтірілген:• Ремдесивир • Фавипиравир• Ацетилсалициловая кислота• Аскорбиновая кислота• Холекальциферол• Ибупрофен• Парацетамол• Азитромицин• Амоксициллин + Клавулановая кислота• Амикацин• Ванкомицин• Гентамицин• Меропенем• Имипенем+Циластатин• Левофлоксацин• Моксифлоксацин• Ципрофлоксацин• Цефепим• Цефтазидим• Цефтриаксон• Цефуроксим• Метронидазол• Флуконазол• Дифенгидрамин• Гепарин натрия• Надропарин• Эноксапарин• Дабигатран• Апиксабан• Ривороксабан• Фондапаринукс натрия• Эпинефрин• Тоцилизумаб• Допамин• Метилпреднизолон• Преднизолон• Дексаметазон• Пропофол• Пипекурония бромид• Рокурония бромид• Атракурий безилат• Дексмедетомидин• Аминофиллин• Амиодарон• Бисопролол• Калия хлорид• Кальция хлорид• Магния сульфат• Метоклопрамид• Метопролол• Морфин• Натрия хлорид• Омепразол• Повидон – йод• Трамадол• Фамотидин• Фуросемид• Эзомепразол

Еске салсақ, 17 қарашада үкімет мүшелерімен, бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуге бұйрық берді.

115 Просмотры