211017002054754a3849973i
- ЖАҢАЛЫҚТАР63 просмотров

Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын. Ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады.

Ең алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакцинациядан өтеді. Бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар екпе алғандығын, бірінші вакцинация мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері.

©️ Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі