- ЖАҢАЛЫҚТАР288 просмотров

Қазақстанда 2,2 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Қазақстанда коронавирустан 2,2 миллионнан астам адам егілді.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның I компонентімен 2 247 776 адам егілсе, II компонентті 1 187 464 адам салдырған. Тұрғындарды коронавирусқа қарсы егуде Алматы қаласы көш бастап тұр – 208 162 адам. Екінші орында Алматы облысы орналасқан – 138 997 адам. Қарағанды облысы – үшінші (112 483), Нұр-Сұлтан қаласы – төртінші (106 527) және Шымкент қаласы бесінші (93 227) орында келеді.