Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар саны 1,9 миллионнан асты.
27 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 3 165 155 адам вакцина салдырды, II компонентпен 1 905 062 адам егілді. Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер: Алматы қаласы – 288 760 адам; Алматы облысы – 198 352; Түркістан облысы – 174 152; Шымкент қаласы – 148 969; Қарағанды облысы – 146 676; Нұр-Сұлтан қаласы – 145 342. Айта кетейік, 27 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны 1 891 022 адам болды.