koronavirus.jp
- ЖАҢАЛЫҚТАР242 просмотров

Премьер-министр демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдетуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, ол жауапты органдарға вакциналау науқанын күшейтуді міндеттеді.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», — деп премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен түсіп, қазір 0,93 деңгейіне жетті. Ауруханалардағы орындар 49% пайызға, ал жансақтау бөлімдері 46% пайызға жүктелген», — деді үкімет басшысы.

holanews.kz