2021 жылғы 10 қарашада Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын Қазақстанға жеткізу жүзеге асырылды. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн.дозасы сатып алынды.
Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.
©️Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі