Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған сегіз адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққандардың алтауы – Атырау қаласынан. Ал екі науқас Жылыой мен Қызылқоға ауданынан анықталған.
Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды түрде, жетеуінде симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 6 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 105 науқас үй жағдайында емделуде.
Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 46 адам емделіп жатыр. Оның 27с-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 19 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.