55 просмотров
39 main 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқушылар арасында COVID-19 сырқаттанған 825 жағдай тіркелген

60 / 100

Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында COVID-19 сырқаттанған 825 жағдай тіркелген, оның ішінде кезекші сыныптарда 261 оқушы COVID-19 жұқтырған. Бұл офлайн режимінде оқитын балалардың жалпы санынан 0,03%-н құрайды. Ал онлайн форматта білім алатын оқушылар арасында COVID-19 індетіне 564 бала шалдыққан, бұл 0,02%-ы құрайды.

Соңғы аптада, 9 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді, балалар арасында COVID-19 індетіне шалдыққан ең көп өңірлер: ШҚО – 32 бала, Павлодар облысында – 12, БҚО – 5 оқушы, ал қалған 4 өңірде орташа есеппен 1,5 жағдай тіркелген. Атап айтсақ Қарағанды, Ақмола, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 жағдай, СҚО, Атырау обылыстарында – 1 жағдайдан тіркелді.

54 Просмотры