201228143320015e
- ЖАҢАЛЫҚТАР140 просмотров

«Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды

Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамынан туындаған пандемияның төртінші толқыны басталды.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлайды.ОАР Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахланың айтуынша, ж аңа COVID-19 мутациясы туралы хабарланғаннан кейін Оңтүстік Африкада инфекция жұқтыру жағдайлары көбейген және негізінен коронавирустың сол жаңа түрі тарауда.

«Өткен бейсенбіде елде вирусқа шалдығудың 2 465 жаңа дерегі тіркелді, 3 қарашадағы жағдай бойынша 11 535 дерек анықталды. Тәуліктік өсім жеті күн ішінде 9 000-ға артты», – деп атап өтті министр.

Фаахлдың айтуынша, «омикрон» нұсқасы тез арада елдің жеті провинциясына таралды және ел билігі бұл процесті бақылау үшін барлық іс-шараларды жасауда.