201228143320015e
- ЖАҢАЛЫҚТАР69 просмотров

Омикрон COVID-19 пандемиясын жеңуге көмектесуі мүмкін – ДДСҰ

Коронавирустың жаңа омикрон штамы «тірі вакцина» болып, пандемияны жеңуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU-ға сілтеме жасап.

«Иә, мүмкін. Біз солай болады деп үміттенеміз», – деді Вуйнович «Россия-24» телеарнасының эфирінде.

Алайда оның айтуынша, қазір омикронмен ауыратын науқастар саны әзір тұрақсыз болғандықтан, бұндай қорытынды жасауға әлі ерте. Қорытынды шығару үшін кем дегенде бір апта күту керек.

Ол сонымен қатар COVID ешқашан тұмау сияқты жойылмайтынын, бірақ жұқтыру жағдайлары әлдеқайда аз болатынын айтты.