photo 91512
- ЖАҢАЛЫҚТАР179 просмотров

Омикрон әлемнің 106 елінде анықталды – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон штамын жұқтыру дерегі әлемнің 106 елінде тіркелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ өкілдері вирустың жаңа штамына байланысты қауіп әлі де жоғары екенін айтты.

«21 желтоқсандағы жағдай бойынша омикрон штамы 106 елде анықталды», – делінген ДДСҰ есебінде.

Сондай-ақ, ұйым омикрон ұжымдық иммунитеті жоғары елдерде де дельта штамына қарағанда тезірек таралатынын мәлімдеді.

ДДСҰ есебіне сәйкес, әлемде 273 миллионнан аса жағдай тіркелгені, 5,3 миллионнан аса адам қайтыс болғаны белгілі болды.