9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР138 просмотров

Өткен тәулікте Атырауда 982 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 982 адам «Спутник V» вакцинасының I компонентін алды. Оның ішінде, 28 медицина қызметкері, 41 педагог, 50 полиция қызметкері, 15 студент, 2 жабық мекеме қызметкері, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 24 мемлекеттік қызметкер, 24 созылмалы аурумен ауыратын адам, 749 жергілікті тұрғын бар.

Биылғы 1 ақпан мен 13 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 10019 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2880 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. 9 сәуірде аймаққа «Спутник V» вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.