whatsapp image 2020 11 25 at 08.10.56
- ЖАҢАЛЫҚТАР199 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  8 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 8 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен – 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 2-інде ауру симптомды түрде өтіп жатыр.
 Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 122  адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда  26 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 40 адам ем қабылдауда.