whatsapp image 2020 11 10 at 10.41.56
- ЖАҢАЛЫҚТАР550 просмотров

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  7 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында  өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Махамбет, Индер аудандарынан тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
 
Сондай-ақ, өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 73 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 8 адам ем қабылдауда.