37 просмотров
201014151000632a3706219i
- ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  7 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

50 / 100

Атырау облысында  өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Жылыой, Құрманғазы  аудандарынан тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
 
Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 75 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 9 адам ем қабылдауда.

37 Просмотры